Оқ тиген Нұрлан Қасимов санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді
17:50, 26 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иығына оқ тиіп жараланған Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасимов Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұрлан Қасимов 26 желтоқсан күні республикалық санитарлық авиация көлігімен республикалық травматология орталығына жеткізілді. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Жағдайы тұрақты», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметі ақпаратына қарағанда, 51 жастағы Нұрлан Қасимов 25 желтоқсан күні Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілген. Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының аңшылық қарумен абайсызда өзін жарақаттап алғандығы хабарланған болатын. Ол аңшылықтан кейін қаруын бөлшектемек болған.