«Океанариум» директорын атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Филевский саябақ ауданында құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ тиген жарақаттармен ер адамның мүрдесін тапты.

Кейіннен ол астананың ірі сауда орталықтарының бірінде орналасқан «Океанариумның» бас директоры екенін белгілі болды.

Тергеу деректеріне сәйкес белгісіз біреу ер адамды  қасақана атып өлтірген. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлады РФ Тергеу комитеті.

«Кісі өлтіру» және «Заңсыз  қару айналымы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.