«Станса бастығы Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны» және «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны» баптары бойынша айыпталды. Жұмағұл жасаған бұзушылықтар арасында тұрып қалған жүк вагондарын төлеусіз Ақтау портынан жөнелтуге қатысқандығы бар. Бұған қоса ол жеке өзі заңмен белгіленген тыйым салуға қарамастан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымды басқаруға қатыса отырып, ұлының ЖК-ші атынан қиыршықтас партиясын сатқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында Жұмағұл кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде процессуалдық келісім жасады. Нәтижесінде сот оны кінәлі деп тапты және мемлекеттік қызметтегі лауазымға орналасу құқығынан өмір бойы айыру арқылы 2 млн 121 мың теңге сомаға бір мыңдық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
17:29, 10 Қараша 2016
Өкілеттіктерін асыра пайдаланған «Атырау» стансасының бастығы сотталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Сот «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ филиалы - «Атырау жолдары бөлімшесінің» «Атырау» темір жол стансасының бастығы Ерғазы Жұмағұлды лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.