Оклахома штатында жер сілкінісіне байланысты ТЖ енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оклахома штатының губернаторы Мэри Фэллин зілзаладан зардап шеккен Пауни округінде төтенше жағдай режімін енгізді, деп хабарлайды Gazeta.ru Associated Press-ке сілтеме жасап.

Фэллиннің жарлығы штат құрылымын жер сілкінісінің салдарын жоюға қажетті жұмыстарды атқаруға мүмкіндік туғызады.

Бұдан басқа ТЖ режімі керек болған жағдайда федеральдық биліктен тиісті көмек сұрауға жол ашады.