Әйел жолбарыс клеткасына алақанын сұққан, ол оны тістеп, клеткаға сүйреуге тырысты. Зообақтың басқа қызметкерлері жолбарысты қуып, әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін оны ауруханаға жеткізді.
Қазіргі кезде әйел ауруханада жатыр, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп мәлімдеуде.
Жолбарыс басқа аңдардан бөлінді. Мекеме басшылығы енді оған қатысты қандай шара қолданатынын әзірге хабарлаған жоқ.