Оклахомадағы сот ғимаратының қасында болған атыстан екі адам зардап шекті

АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Оклахома штатындағы Талса қаласының аймақтық соты ғимаратының қасында болған атыстың салдарынан шерифтің орынбасары мен жаяу жүргінші зардап шекті,

деп хабарлайды Associated Press.

 23 жастағы қылмыскер Эндрю Джозеф Деннехидің өзі де жарақат алды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды РБК.

 Қала полициясының өкілі Лиланд Эшлидің сөздерінше, жарақат алған қаскөй ауыр халде жатыр. Шерифтің екі аяғына оқ тиді, бірақ оның да, жаяу жүргіншінің де өмірлеріне қауіп төнген жоқ.