«ӨКМ Операторының» жұмыс істеп келе жатқанына 5 жыл толып отыр. Ұйым 2017 жылы Қарағанды қаласында істен шыққан автокөліктерді жинап, кәдеге жарататын Орталық Азияда теңдесі жоқ жүйе құрды. 5 жылда біз 200 мыңнан астам автокөлік жинадық. Бүгінде апта сайын халықтан 1000-1100 автокөлік сатып аламыз. Ақшаға шақсақ бұл мақсатқа «ӨКМ Операторы» 320-340 млн теңге бағыттайды», - деді «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев.
Сондай-ақ, ол ұйымның биылға межелеген жоспарына тоқталды.
«Былтыр оператор субсидиялау жүйесі арқылы шамамен 28 мың тоннадан астам автомобиль қалдықтарын жинады. Биыл 5 айда «Экоқолдау» жүйесі 30 мың тонна қалдық жинады. Яғни, 5 айдың ішінде 2020 жылдың жоспары асыра орындалып отыр. Биыл 100 тоннадай қалдықты қайта өңдеуді жоспарлап отырмыз. 2021 жылы «ӨКМ Операторы» уәкілетті органның қолдауымен тасымалдаушылар институтын енгізді. Былтыр 23 қоқыс жинаушы, 2 кәдеге жаратушы болса, биыл 100 қоқыс жинаушы, 29 кәдеге жаратушы нысан жұмыс істеп тұр. Яғни қоқыс өңдеуге маманданған орта және шағын бизнес өкілдерінің саны биыл 11 есе өскен», - деді серіктестік басшысы.