ОҚО әкімдігі қызметкерлерінің жаттығуы Фейсбуктің хитіне айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фейсбуктегі парақшаға жүктеген Асылбек Медер атты пайдаланушының видеосы кеңінен талқылануда. Бейнероликте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің алдында қызметкерлер таңертеңгілік жаттығу жасап жатқаны көрсетілген. Оған пікір жазғандар саны көп. Көптің қызығушылығын оятқан ролик үшін күн ішінде 850 бөлісілген.