Төрт басқарманың атауын өзгерту және жаңа басқарманы құру туралы шешім өткен жылдың қазан айында облыстық мәслихат сессиясында қаралып, облыс әкімінің қаулысы шыққан болатын.
Сонымен ОҚО әкімдігінде жаңадан «Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» құрылды. Ал бұрынғы облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» болып қайта аталды. Сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасы «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» болып, Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы «Оңтүстік Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» деп өзгертілді. Оған облыс әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Бұдан бөлек, Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға Білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және балалардың құқығын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, «Оңтүстік Қазақстан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы» болып ауыстырылды.