ОҚО әкімі халықпен алғашқы есепті кездесуін өткізді (ФОТО)
атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы бес жылда іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
Есепті кездесуге жергілікті тұрғындармен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ж.Естенов қатысты. Жылдық есептің ерекшелігі сол, өңіріміздегі барлық аудан, қалалардағы тұрғындар әкім есебін онлайн режимінде тыңдап, сұрақ қоя алды.
Өткен 2015 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған өңір басшысы өнеркәсіп саласында 668,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2014-ші жылмен салыстырғанда 64,5 млрд. теңгеге артқанын айтты. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада 5-ші орынды иеленіп отыр. Ал 2015 жылы жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 48 мың АҚШ долл. құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 18% артқан. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 344,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,5% өскен.
Мәселен, облысымызға тек өткен жылы 143 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 58 жаңа жоба іске асырыла бастады. Ал, жалпы алғанда өңірде 11 индустриялды аймақ бар. Осы аймақтарға инвестиция көлемі 145 млрд. теңгені құрайтын 142 жоба мақұлданып, олардың 50-і толық іске қосылған. Алғашқы ашылған «Оңтүстік» индустриалдық аймағында орналасқан кәсіпорындар есебінен бүгінгі күнде бюджетке салық ретінде 4,4 млрд. теңге түсіп, мемлекеттің инфрақұрылымға жұмсаған 6,8 млрд. теңгенің 65% бюджетке қайтқан.