ОҚО әкімі шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті
Елімізге ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен келген делегация құрамында мәдениет және өнер тақырыптары бойынша маманданған Америка Құрама Штаттары «Forbes» журналының өкілі Aлександр Липовсев пен Ұлыбританияның «Opera Now» журналының өкілі Н.Джоунс, Біріккен Араб Әмірліктерінің «The Diplomatic Society» журналының өкілі Бхана Киртан, Египет елінің «Нил-Культура» телеарнасының өкілі Ахмед Фатма, италиялық ИА «IN TERRIS» агентігінің өкілі Фабио Беретта, испаниялық «El Cultura» журналының өкілі Фернандо Диас, жапондық «Киодо Цушин» ақпарат агентігінің өкілі Линума Кениши бастаған 20-дан астам қонақ бар. Басқосуда сөз алған аймақ басшысы оңтүстік өңіріне арнайы баспасөз-туры аясында келген қонақтарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық турис саяхаттап келген. Оның 3600-і шетелдік қонақтар. Бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға көп.
Кездесу соңы еркін форматтағы пікір алмасуға ұласты. Шетелдік қонақтар өңір басшысына бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, оңтүстіктің туризм саласына насихат жөнінде аз болса да үлестерін қосуға уәде етті.