«Сотқа дейінгі тергеу амалдарына сәйкес, ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлегеннің пара алу фактісіне байланысты жемқорлыққа қарсы шара қолданбағаны үшін және белгіленген қызметтік міндетін орындамағаны үшін ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков «сөгіс» түріндегі жауапкершілкке тартылды», -деп жазылған ведомство хабарламасында.
Аталған тәртіптік іс облыстың ішкі саясат басқармасына жетекшілік ететін Сәдібековке қатысты қаралған.
Еске сала кетейік, Болатбек Төлегеннің жемқорлық әрекеті қазан айында, жүргізушісі арқылы 2,1 млн теңне көлемінде пара алып жатқанда әшкере болған.
Қазір аталған іс соттың қарауында.