Атқарылған жұмыстардың барысын әрбір аудан, қалалардағы әкімдіктерде жиналған 5 мыңнан астам жергілікті халық онлайн режімде тыңдауда, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Түркістан сарайында өтіп жатқан жиында әкім өткен жылы өңірдің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылдары іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндауда.
Айта кетейік, өңір басшысының халық алдындағы жылдық есебі биыл алғаш рет онлайн режімде көрсетілуде. Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ontustik.gov.kz сайты арқылы 3 миллионға жуық халқы бар күнгей тұрғындарына таратылуда.