Марафонға қатысушы үш адам алты мемлекет аумағы арқылы 150 күн жүгіріп өтеді. «Біз жолымызды Ыстамбұлдан бастап, Ирак, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін артта қалдырдық. Енді біз Шымкенттен кейін Қазақстанның оңтүстік аймағы арқылы Қытайға өтеміз», - дейді марафонның бастамашысы болған 34 жастағы Тайвань тұрғыны Кевин Лин.
Оның айтуынша, үш адамнан құралған топ күніне 70 шақырымнан жүгіріп отырады.
Осы аптада Оңтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 50 градус ыстықты көрсетіп тұрғанына қарамастан, таза ауыз су үшін күрескен марафоншылар жүгіру кестесін өзгертпек емес.