«ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облытық ІІД қызметкерлерімен бірлесіп, Шымкент қаласының 23 жастағы тұрғынын құрықтады. Оның Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында автомашиналарды иемдену мақсатында 8 қарақшылық шабуыл жасағаны белгілі болды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласы мен Отар стансысында осы қылмыстың тағы да екі қатысушысы ұсталды.
Ведомствоның атап өтуінше, күдіктілердің алдын ала келісіп, түнгі уақытта жолаушы ретінде такси жүргізушілерінің көліктеріне отырғандары анықталды. Содан кейін олар пышақпен қорқытып, такси жүргізушілерінің қол-аяғын байлап, қалдырып кетіп отырған. Ал тартып алынған көліктерді бөлшектеп, базарда сатқан. Полиция қызметкерлері барлығы 7 автомашинаны тәркіледі.