ОҚО-да 161 нысанның заңсыз салынғаны анықталды
Басқарма басшысы Рахмет Бектаевтың сөзінше, өңірде заң талаптарын орындамайтын техникалық қадағалаушы мамандардың да саны артқан.
Басқарма тарапынан өткен жылы 3 мыңнан аса нысанның құрылысына тексеру жүргізіліп, 651 кемшілік анықталған. Олардың 173-і мердігер мекемелерге қатысты болса, 14-і жобалаушы мекемелерге тиесілі. Сонымен қатар, 38 техникалық қадағалаушы маманның да заң талабын орындамағаны әшкере болды. Оның ішінде бірнеше жылдан бері осы салада жұмыс істеп жүргендері де бар. Ал, заңсыз салынған нысандардың көбі - коммерциялық орындар дейді мамандар.
Олардың саны жағынан Шымкент қаласы көш бастап тұр. Басқарма берген ақпаратқа сүйенсек, облыс орталығында рұқсат етілмеген жерде бой тіктеген 83 нысан бар. Бүгінде оларды бұзу жөнінде іс сотқа жолданған.