ОҚО-да 18 жастағы бозбала суға батып кетті
11:22, 07 Мамыр 2013
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 18 жастағы бозбала суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
Дүйсенбі, 6 мамыр күні ОҚО-ның Қарнақ ауылында арыққа шомылу кезінде 18 жастағы жігіт суға батты. Оның денесін жер бетіне туыстары алып шықты.