Күдіктілер қылмыстық әрекеттерін Ордабасы, Созақ, Арыс, Бәйдібек және Қазығұрт аудандарында жасап жүріпті. Мәселен, осы жылдың наурыз айында бұл топ Ордабасы ауданындағы жайылымнан екі сиырды ұрлап кетеді. Құны 300 мың теңгедей болатын қара малды сатып, ақшасын өзара бөліп алған. Ұрланған малдарды негізінен түнгі уақытта қоражайдан, үйдің ауласынан, қала берді жайылымнан айдап кете берген. Әккі ұрылардан әбден шаршаған ауыл тұрғындары аудандық ішкі істер басқармаларына арызданады.
Осыдан кейін жан-жақты жедел-іздестіру шаралары жүргізілген. Ордабасы аудандық ІІБ қызметкерлері осындай шаралар барысында үш адамнан құралған қылмыстық топты қолға түсірді. Ұсталған үшеу де Шымкенттің 22, 23 және 26 жастағы тұрғындары болып шықты.
Тергеу барысында сезіктілер 25 рет мал ұрлығын жасағанын мойындаған. Қазіргі таңда олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 188 «Тонау» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша тергеу абақтысына қамалып, ұрланған малдардың бірқатары иелеріне қайтарылды.
16:11, 06 Сәуір 2017
ОҚО-да 25 рет мал ұрлады деген күдік келтірілген 3 азамат ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 25 рет мал ұрлады деп күдік келтіріліп отырған азаматтар қолға түсті. Өңірдің тәртіп сақшылары қолға түскен күдіктілер бес ауданның төрт түлігін қолды еткендігін келгенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.