Мәселен, жаңа 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, өңірде халқымыздың демографиясына үлес қосып жүрген аналардың саны 169 198-ге жетті. Оның ішінде, 6193 әйел Батыр ана болса, 25 482-сі - «Алтын-алқа», 34 744-сі «Күміс-Алқа» иегері. Ал, 8878 әйел І-ІІ дәрежелі Ана Даңқы орденінің иегері, 93 901 азаматша 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналардың қатарын толықтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОҚО әкімдігіне сілтеме жасап.
2016 жылы облыстағы көпбалалы 479 ана - «Алтын алқа», 2071-і «Күміс алқа» тақты.
Айта кету керек, бұл 2015 жылмен (150 327) салыстырғанда 18 871-ге көп. Көшті бастап тұрған Шымкент қаласының тұрғындары. Облыс орталығындағы аналардың қатары 35 703. Шымкенттен кейінгі орында Сарыағаш пен Мақтаарал аудандары тұр. Сарығашта 23 793 алтын құрсақты ана болса, Мақтааралда 23 239 нәзік жанды көпбалалы ретінде тіркелген.
Осылайша, көп балалы нәзік жандылар көшін Түркістан, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Шардара, Түлкібас, Арыс, Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласының ақ желекті, алтын құрсақты аналары жалғайды.