Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, шаруалар 25,6 мың га жаздық арпа, 28,3 мың га жоңышқа, 43,4 мың га мақсары, 7,2 мың га картоп, 14,8 мың га көкөніс, 11,4 мың га бақша егті. Егу жұмыстары жалғасуда. Меже бойынша облыста 42 мың га жерге арпа, 109,5 мың га мақсары, 51,6 мың га жоңышқа, 15,5 мың га картоп және 60 мың га бақша дақылдары мен көкөніс 41 мың гектар жерге егілуі керек. Яғни жалпы 320 мың гектар жер егістік алқапқа айналады.
«Ал көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде атқаруға облыста толық мүмкіндік бар, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.
Олардың айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 833,1 мың га немесе өткен жылдан 6,8 мың га артық межеленіп отыр екен. Оның ішінде арпа 42 мың га, майлы дақыл 116,5 мың га, дәндік жүгері - 54 мың га, мақта - 105 мың га, көкөніс, бақша, картоп -117,5 мың га, мал азықтық дақылдар - 237,8 мың гектар.
Сондай-ақ, мамандар көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 38 мың тонна жанармай Шымкент мұнай өңдеу зауытынан бөлінгенін атап өтті. Осы уақытта өңірде жанармай тасымалдаушы операторлар тізімі белгіленіп, мұнай өңдеу зауытымен келісімшарт жасалған.