Бақтыбай Дүйсебековтың сөзінше, заңсыз салынған нысандардың иелері қажетті құжаттарды жинақтамай ғимараттарын тұрғызған. Бүгінде осындай заңбұзушылықтарды қайта ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттардың қожайындарына ескертулер беріліп, түсіндірме жұмыстары қолға алыныпты. Сондай-ақ, нысандардың қызыл сызыққа түскен-түспегендігі де тексеріліп жатыр.
«Тиісті талапқа сәйкес заңсыз салынған көпқабатты үйлер олар орнынан алынады. Егер демалыс орындары болса өтемақы беріліп, тәркілеу жүргізіледі. Қаланың Бас жоспарына сай салынуы тиіс»,- дейді Бақтыбай Дүйсебеков.
Жауапты басқарма басшылары сонымен қатар облыста халық саны 5 мыңнан асатын 53 елді мекеннің бас жоспары бекітілгенін айтады. Ал, бүгінде тұрғындар саны аз болатын ауылдардың дамуы мен құрылыс салу сызбалары әзірленде екен.