Облыста экономикалық әлеуеті төмен 17 елді мекен анықталды, онда 1 570 адам тұрады. ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2011-2012 жылдары аталған бағыт аясында тек құрылысқа ғана бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2 655,1 млн. теңгені құрайды, оның 86,6 пайызы игеріліп үлгерді.
2011 жылы шымкенттік «Нұрсат» шағынауданында алты көпқабатты үйдің құрылысы басталды, мұнда 480 пәтер пайдалануға беріледі. Құрылыс 2012 жылдың қазан-қараша айларында аяқталады деп күтілуде. Көшуді субсидиялау үшін 45,9 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.