Бұл осы жылы пайдалануға берілген 7-ші балабақша. Осылайша «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған балабақшаларда 660 бүлдіршін балабақшамен қамтылып отыр. Нәтижесінде ауданда бағдарламаның орындалуы 84,5 пайызды құрады. Ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісе келген аудан әкімі Мақсат Исеав балалар тәрбиесі әрқашан басты назарда екеніне тоқталып, бүгінгі ұрпақ - еліміздің ертеңі екенін айтты. Сондай-ақ, ол аталған нысан кәсіпкердің жеке иелігінде болса да, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтінін жеткізді. Елу бала тәрбиелетін мектепке дейінгі білім беру ұйымында жергілікті 10 адам жұмыспен қамтылып отыр. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған балабақшада, екі жатын бөлме, асхана, демалыс бөлмесі, медбике бөлмесі бар. Айта кетейік, Созақта жыл соңына дейін «Балапан» бағдарламасы аясында тағы 5 балабақша ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Осы уақытта біршамасының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, аяқталуға да жақын. Соңғы жылдары жалпы облыс бойынша балабақшалар саны артып, балалардың балабақшамен қамтылу деңгейінің көрсеткіштері де өзге аймақтарға қарағанда көш алда екенін айта кеткен жөн.