Кентау қалалық ІІБ полицейлерінің мәліметінше топ мүшелері соңғы екі жыл көлемінде бөтеннің мүлкін ұрлауды кәсіп еткен. Қолға түскен топтың басшысы бұрын сотталған адам. Өзгелері 1993, 1994, 1995 және 1996 жылы туған жергілікті тұрғындар екені анықталды.
Полицейлер анықтағандай, күдіктілер пәтерлерге терезе арқылы не сыртқы есігін ашу арқылы кіріп, тұрғындардың ақшасы мен бағалы заттарын қолды етіп отырған. Ұрланған заттарды өткізіп, ал түскен ақшаны өз қажеттеріне жаратып келіпті. Мәселен, қаладағы 23 жастағы тұрғынның үйінен теледидар, сандық фотоаппарат және 100 мың теңгесін ұрлаған.
Қазіргі таңда күдіктілердің 20 жайттан аса бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысына қатыстылығы анықталды. Айғақты заттар тәркіленіп, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі есептелуде. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-ші «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынып, олардан жауап алынуда.
Айта кетейік, жыл басынан бері Кентау ҚІІБ қызметкерлері 5 қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді. Олардың 50-ден астам ұрдық-қарлық әрекеттеріне қатыстылығы анықталып отыр.
12:02, 16 Мамыр 2017
ОҚО-да 9 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары 9 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Оларға пәтерлер мен гараждарды және дүкендерді тонап, мал ұрлады деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.