Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысы Әли Көмекбаевтың айтуынша, тәртіптік мәселесі қаралған тұлғалардың барлығы Әдеп кодексінің талаптарын өрескел бұзған.
Алдымен, алқа мүшелері Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының ісін талқылады. Ұсыныста инспекция тарапынан «Мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл» жобасы аясында мобильді топпен бірге 52 құқық бұзушылық анықталған.
Аталған инспекция мамандары құқық бұзушы тұлғаларды әкімшілік жазадан себепсіз босатып, оларға заңсыз артықшылықтар көрсеткен. Бұл мәселе кеңес отырысында жіті талқыланды. Бұдан бөлек, бірнеше аудан әкімі кеңес мүшелері алдында есеп берді.
02:20, 29 Наурыз 2017
ОҚО-да 9 мемлекеттік қызметкердің тәртіптік ісі қаралды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 9 мемлекеттік қызметкердің тәртіптік ісі қаралды. Өңірдің әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жерді пайдаланудың мақсатын өзгертіп, мансабын асыра пайдаланған мамандарды тәртіп жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.