деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда комиссия эксодалық кенелерді ұстау, материалдарды жинау жұмыстарын аяқтады. Енді біз медицина қызметкерлерінің конго-қырымдық геморрагиялық безгегін жұқтыруға не себеп болды деген ең басты сұраққа жауап беруіміз қажет. Бұл жөнінде кененің шағуынан бастап, медицина қызметкерлерінің барлығы қаза тапқан әйелді емдегеніне дейін бірнеше нұсқа бар. Бұл сұраққа біз жауапты шілденің соңына таман білетін боламыз. Себебі біз тиісті зертханалық жұмыстар жүргізуіміз қажет. Зерттеу бірқатар уақыт алады», деді Ж. Досқалиев өз сөзінде.
Министр Түркістан қаласындағы конго-қырымдық геморрагиялық безгегінің ошағы жойылғанын атап өтті. «Қазақстанның оңтүстік өңірі, яғни Жамбыл облысынан бастап, Қызылорда облысының орталық бөлігіне дейін аталмыш ауру жыл сайын тіркеліп тұрады. Бұл өңірлерде аталмыш ауруды тудыратын табиғи ошақтар, яғни кенелер бар», деді министр. Осы орайда Ж. Досқалиев Түркістанда болған жағдайдың бір ерекшелігі барын, онда конго-қырымдық геморрагиялық безгегінен дәрігерлер қайтыс болғанын атап өтті.