Сонда «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасында елді мекендерді орталықтандырылған ауыз су және су бұру жүйелерімен қамтудың нақты көрсеткіштерін толығымен орындаған боламыз. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық жиында осылай мәлім етті, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.
Облыс әкімі жалпы өңірде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 200-ден астам ауыл бар екенін айта келе, жиында баяндама жасаған облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайымға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Басқарма басшысы осы бағытта, 2016-2018 жылдары халық санының басымдығына қарай 117 елді мекеннің жобалау-сметалық құжаттары әзірленін жеткізді. Облыстың даму жоспарына сәйкес, алдағы 3 жылда 84 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. 2018 жылы ауыз су саласына 11,0 млрд теңге бөлініп, 76 нысанның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 20 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, 56 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі. Сонымен қатар басқарма басшысы жыл соңына дейін 13 елді мекен ауыз жүйелерімен қамтылса, 2 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, 2 мөлтекауданда және 4 суағарлар құрылысы аяқталатынын айтты.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі басқарма басшысына өзге аймақтармен салыстырғанда халқты ауыз сумен қамту деңгейі қандай екенін анықтауды және аталған салаға автоматтандыру жүйесін енгізуді тапсырды.