ОҚО-да «Алматы-Термез» жолының бойында белгісіз снаряд табылды - ҚР ТЖМ

АНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Алматы-Термез» көлік жолының бойында Қазығұрт ауданының «Көкпарсай» асфальт зауытына қарсы беткейде сәрсенбі, 10 қарашада белгісіз снаряд табылды,

деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, жарылғыш құрылғыны жергілікті тұрғын жол бойынан тауып, дереу облыстық ІІД хабарлады. ТЖМ келтірген мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

«Снаряд табылған жерді Қорғаныс министрлігінің жарылғыш затты залалсыздандыру қызметтері келгенше АІІБ қызметкерлері күзетке алды», - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.