АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да апатты және үш ауысымдағы мектептер проблемасы 2017 жылы шешіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
«Ағымдағы оқу жылында 1 022 жалпы білім беретін мектерде 584 мың оқушы білім алуда. 2015 жылы 66 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде 30 апатты және үш ауысымда оқытатын 3 мектептің мәселесі шешілді. Бұл мәселе 2017 жылы толық шешімін табады»,-деді Атамқұлов.
Атап айтқанда, «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі 108 ұйым іске қосылды. Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 76,8 пайыздан 80,5 пайызға өсті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.