ОҚО-да арнайы логотипі жоқ көліктер жолаушы тасымалдай алмайды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы логотипі жоқ көліктер жолаушы тасымалдай алмайды. Осы салаға жауапты мамандар енді аудан-қалаларға қатынайтын шағын автобустарға логотиптер ілуді қолға алмақ, деп хабарлайды  ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бұл ең алдымен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - дейді Облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының мамандары. Олардың сөзінше, өңірде ауданаралық бағыттарға қатынайтын 711 автобустың 206-сы ғана жаңа. Яғни, 61 пайызы орташа деңгейде болса, қалғаны - ескі көліктер. Қоғамдық көліктердегі жол апаттарының 90 пайызы заңсыз жолаушылар тасымалына тиесілі. Осынай олқылықтың алдын алу мақсатында мамандар заңды автокөліктерге арнайы логотип ілуді ұйғарып отыр. Одан бөлек, мамандар автобекеттерді қайта қалпына келтіру жұмыстары да енді жүйеленетінін алға тартады.