ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1937 жылдан бастау алған бұл шара, тіпті соғысы жылдарында да тоқтаған емес.
Жалпы саны 1100 спортшы қатысқан шараға қала, аудандардан 5 колледж, 3 жоғарғы оқу орындарының студент жастары, 90-ға жуық мектеп оқушылары мен спорт және басқада ұйымдарының қызметкерлерінен құралған командалар жұмылдырылды. 79-шы рет ұйымдастырылып отырған эстафетада қатысушылар 10 деңгей бойынша Қонаев даңғылы бойымен 5200 метр қашықтықты жүгіріп өтті.
Мектеп оқушы командалар арасында 1-ші орынды № 23 орта жеңіп алса, колледж студенттері арасында «Парасат»колледжі, Жоғары оқу орындары мен ұйымдар арасынан М. Әуезов атындағы ОҚМУ-командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі орынға ие болған командалар «Южный Казахстан» газетінің бағалы сыйлықтарымен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогімен марапатталды.