Департамен басшысының сөзінше, кезекті аттестаттаудан өтпей қалған 7 қызметкердің алтауы Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты аумақтық инспекцияның мамандары. Жетінші шенеунік облыстық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент қызметкері.
«Өзге тест тапсырған қызметкерлердің 27%-ы «өте жақсы», 69,5%-ы «тиімді», 3,3%-ы «қанағаттанарлық», 0,2%-ы «төмен» деген нәтижені көрсеткен. Жалпы, 1218 мемлекеттік қызметшіге қатысты аттестаттау комиссиясының шешімдері қабылданды. Нәтижесі бойынша 51 (4,1%) мемлекеттік қызметші лауазымында жоғарылатуға ұсынылса, 1142 (93,8%) қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкестігі айқындалды, 18 (1,5%) қызметші төмендетуге ұсынылған», - деді Әли Көмекбаев.