Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Онда фестиваль қатысушылары әуе шарларын көкте қалықтатып, көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі спортшылар әуе шарларын басқару бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Жиын барысында қалықтаған 15 аэростатпен көкке көтерілу бақыты Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына да бұйырды. Фестиваль еліміздің эстрада жұлдызы Ғалымжан Молданазардың концертік бағдарламасына ұласты.