«Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 77,7-ні құрады. Республикадағы ең жоғарғы 125 балды жинаған 19 түлектің бесеуі біздің облыстан», - деп атап өтті әкім алдымен өңірдегі білім жүйесіне тоқталып.
Б.Атамқұловтың берген ақпараты бойынша, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жартыжылдықта 33 383 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, бұл республикалық көрсеткіштің 16% құрады.
«Есепті кезеңге аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 27%-ға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрады», - деп түйді ойын облыс басшысы.
Білікті жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында облыста жоғары оқу орындары үздік бітірген түлектер арасында іріктеу жүргізіліп, 50 жас маманнан тұратын «Кадрлардың алтын резерві» жасақталды.
Жалпы жоғарыда атқарылған жұмыстардың барлығы халықтың тұрмыс деңгейін арттыру үшін жасалып отыр.