Егер құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілсе, барлық нысандар жыл соңына дейін тапсырылмақ. Бұдан бөлек, облыстық құрылыс басқармасы 2018 жылы білім ұяларының құрылысын салуға республикалық бюджеттен қосымша қаржы қарастыруға ұсыныс жолдаған. Егер ұсыныс қабылданып жатса, тұрғызатын білім ұяларының қатары артады деп күтілуде.
Сондай-ақ облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млрд теңгеге 30 мектептің құрылысы қолға алынып, жыл соңына дейін аяқталатын болады. Жаңа мектептердің құрылысы жайлы жуырда облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың халық алдында берген есебінде де айтылған болатын.
Ал, өткен жылы бюджет қаражаттары есебінен 32 мектеп тапсырылды. Ұлттық қордан 29,8 млрд теңге бөлініп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 35 білім беру нысындарының құрылысы жүргізілген болатын.
Өңірде сонымен қатар колледждер салу ісі де қарқын алып келеді. Мәселен, өткен жылы облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млрд теңгеге 39 мектеп пен 3 колледждің құрылысы жүргізіліп, 12 мектеп пайдалануға берілген. Қалған 30 нысанның құрылысы 2018 жылы аяқталады деп күтілуде.