ОҚО-да браконьерлер қорғалатын табиғи аймақта ағаштарды кескен

None
ШЫМКЕНТ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда полицейлер браконьерлерді ұстады.

ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен келіп түскен мәліметтер бойынша, 2012 жылдың 2 желтоқсанында сағат кешкі 10-ның шамасында Отырар АІІБ-нің кезекшілік бөліміне Сырдария өзенінің батыс жағындағы қорғалатын табиғи аймақта белгісіз біреулердің ағаштарды кесіп жүргендері туралы ақпарат келіп түсті. Тәртіп сақшылары жергілікті 9 жас азаматты ұстады. «ЛК-300» тракторын қолданған олар өзен бойында өсіп жатқан жиде ағаштарын тамырымен қазып алып жүрген.

Полицейлер айғақ дәлелдер ретінде 20-ға жуық ағашты тәркіледі, олардың көбі жемісті ағаштар еді.

Қазіргі уақытта мамандар браконьерлердің келтірген шығынын есептеуде. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 291 бабы («Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың орташа жасы - 25-35 жас аралығында. Тергеу амалдары жүргізілуде.