«Қызыл кітапқа» енген балықты аулағаны үшін күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері облыс аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу, заңсыз балық аулауды болдырмауға бағытталған «Уылдырық» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған шара барысында заңсыз балық аулау бойынша 6 экологиялық қылмыс тіркеліп отыр. Су жануарларына қатысты құқық бұзушылық жасаған азаматтарға 90-нан аса әкімшілік хаттама толтырылды. Құқықбұзушыларға миллион теңгеден аса айыппұл салынған.