Оқиға жексенбі, 24 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласының Қапланбек шағынауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйде болды.
Дәретхана шұңқырына түсіп кеткен ұялы телефонды алу үшін орға түскен 13 жасар екі бала мен 1963 жылы туған ер адам одан шыға алмай қалған. Таза ауаның жетіспеуінен үшеуі де сол орында көз жұмды.