Ведомствоаралық топтың ауданға барудағы мақсаты - жергілікті мемлекеттік органдар мен қылмысты қудалау органдарына «халыққа сапалы құқықтық қызмет көрсету» сұрағы бойынша тәжірибелік көмек көрсету болып табылады.
Топ мүшелері жұмыс барысында құқық қорғау органдары жұмысының сапасына талдау жүргізіп, созбалаңдыққа салынған қылмыстық істерді зерттеп жатыр. Бір апта бойында әрбір іс бойынша түпкілікті шешім қабылдауға шаралар қолданатын болады. Осылайша құзырлы орган өкілдері бірлесіп, қылмыстық істердің созбалаңдыққа салынуын болдырмауға күш салмақ. Әрі қылмыстық процеске қатысушылар тарапынан шағымдар азайып, халықтың билік өкілдеріне деген сенімі артады деген ойда.