Шымкенттегі 10216 әскери бөлімінде өткен сынақтарға ОҚО Қорғаныс істері департаментіне қарасты қала-аудандардағы офицерлік және сержант-қатардағы жауынгерлер құрамы қатысты. Бұған дейін әскери қызметшілердің физикалық дайындығы мен шыдамдылығын анықтайтын нормативті тапсырулар әр қала аудандарда өткізілетін.
«Қазақстан Респулбикасындағы Қорғаныс істері қызметі жергілікті халықпен жұмыс істейтін әскери қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да жеке құраммен аптасына 3 рет спортпен шұғылданып, дайындығымызды пысықтаймыз. Нәтижелі болғанын қадағалаймыз. Енді бүгінгі сынақтар арқылы әскери қызметшілердің қандай дайындықта екенін біліп, көз жеткіздік»,-дейді ОҚО Қорғаныс істері департаментінің бастығы Талғат Әліқұлов.
Департамент бастығының сөзінше келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери құрам бұдан өзге қатардағы дайындық, радиациялық -химиялық және бактерологиялық қорғаныс, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық және шұғыл дайындық бойынша тұрақты түрде сынақтан өтіп тұрады.
Айта кетейік, сынақтар қортындысы бойынша ең жүйрік әскери болып ОҚО Қорғаныс істері департаментінің бөлімше командирі, кіші сержант Пілалов Бауыржан Атабекұлы танылды.