Шәуілдір ауылының тумасы, аудандық мәслихат депутаты әрі жеке кәсіпкер Аралбай Дүйсенбайұлы өз қаражатына «Керемет» демалыс кешенін салды. Кешен қақпасының алдынан әйгілі "Эйфель мұнарасы" бой көтерген. Оның биіктігі 15 метрдей болады. Алыстан көзге түсетін мұнара енді ауыл көркіне ажар беретін болады.
Ал, жаңадан ашылған нысанда аудан кәсіпкерлерінің бұйымдары мен өнімдері көпшілікке ұсынылмақшы. Кешеннің ашылу салтанатына қатысқан Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов бұл нысанның кәсіпкерлік саласын өркендетуге үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ «Парасат» орденінің иегері, халық ақыны Әселхан Қалыбекова жырдан шашу шашты.