Ағымдағы жылдың 20 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауыл округінің Ақбастау елді мекенінен 5 жасар қыз «іш ауруы» алдын ала диагнозымен Сайрам ауруханасына жеткізілді. Ол көп ұзамай қайтыс болды.
Талдауға сәйкес 4 маусымда кішкентай қыз баланы ит қауып алған. Содан бастап дертке шалдыққан бүлдіршін мен отбасы мүшелері құтыру ауруына қарсы 4 рет егілді.
20 маусымда ұсталған иттің патологиялық материалы аудандық мал дәрігерлік зертханаға жөнелтілді. Қазіргі уақытта қорытынды диагнозды анықтау мақсатында зертханалық талдау жүргізілуде.