Кездесуге жалпы 2000-ға жуық оқушы, жергілікті атқарушы орган, ішкі істер органдарының қызметкерлері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық соттың мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар бойынша жергілікті атқарушы органдарға арнайы хаттар жолданып, жұмыстар жүргізілуде.
Жасөспірімдер құқықбұзушылығының алдын алу және ескерту, бұзақылыққа бет алған жасөспірімдер топтарын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын және сабақтан қашып жүрген, түнгі уақытта заңды тұлғалардың алып жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмаған жастарды анықтау мақсатында прокуратура, ішкі істер қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге облыс көлемінде 28 рет күндізгі және 32 рет түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жалпы іс-шара барысында 256 жасөспірім анықталды. Олардың ішінде ОҚО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 235 жасөспірім орналастырылған. 7 бала - құқықбұзушылық жасаған, 68-і - қаңғыбастыққа салынғандар, 96-сы - түнгі мезгілде ойын-сауық орталықтарында себепсіз жүргендер. 3 бала ішкі істер бөліміне тіркеуге алынды, 5 баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-не сәйкес жауапкершілікке тартылды. 21 бала тұрғылықты мекенжайы бойынша үйіне жеткізілді. Іс-шара барысында анықталған балалар жайлы аудандық, қалалық білім бөлімдеріне арнайы хат жолданып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жүргізілген рейдтік іс-шаралар жергілікті телеканалдардан көрсетіліп, облыс жұртшылығына таныстырылды.
Оқушыларды негативті ақпараттың әсерінен қорғау мақсатында Интернеттегі рұқсат етілмеген сайттар мен ресурстарға қолжетімділігін қысқартуды қамтамасыз ету бойынша облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен мәжілістің хаттамасы түзіліп, нақты тапсырмалар берілді.
ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу» туралы Заңын орындау және кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс аумағындағы аудан, қалалардағы білім беру мекемелерінде оқушы студенттерімен жұмыстар атқарылуда.