«Адамдар Шаян-Жамбыл күре жолының қар басқан учаскесінде тұрып қалған. 15 минуттың ішінде оларға Бәйдібек ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері жетіп, техниканың көмегімен адамдарды қар құрсауынан құтқарды», - деді баспасөз хатшысы.
Бұл Бәйдібек ауданында қыста болып тұрған бірінші оқиға емес.
Осындай жағдайда жедел шараларды қабылдау үшін қауіпті жолдарда көмек көрсету қосыны мен жылыту қосыны жұмыс істейді, олар байланыс құрылғыларымен және қажетті техникамен қамтамасыз етілген.