Төтенше оқиға Мақтаарал ауданының Өркениет ауылында 30 мамыр күні түс кезінде орын алған. Коммуналдық шаруашылық жұмыскерлері кәріздік құдықта жөндеу жұмыстарын жүргізген. Буға уланып қалған үш жұмыскер оқиға орнында көз жұмды, тағы үш жұмыскерге медициналық көмек көрсетілді.