Кеңесбек Нүсіпқұлұлы Мендебаев 1955 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.
Еңбек жолын Алматы облысы «Амангелді» кеңшарында бастаған. Жамбыл аудандық ауылшаруашылық мекемелерінде экономист, бас экономист, бас бухгалтер лауазымдарында еңбек еткен.
Жамбыл, Талғар аудандарының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің бастығы, ауыл әкімі, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы болған.
2015 жылғы шілдеден бастап Алматы облысы Іле ауданы әкімінің қаржы және экономика салалары бойынша орынбасары болып еңбек етіп келген, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.