ОҚО-да қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы ашылды
16:48, 26 Желтоқсан 2011
ШЫМКЕНТ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған ұлы анасын шауып тастаған,
деп хабарлады ОҚО бойынша ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Полиция бөлімшесіне 46 жастағы әйел адамның өз үйінде өлі денесі табылғаны жайлы ақпарат түсті. Оқиға болған жерде жедел тергеу тобы қаза болған әйелдің басынан 4 жарақат алғанын айтып отыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жедел алдын алу шаралары барысында көз жұмған әйелдің 21 жасар ұлы күдікті ретінде ұсталды. Ол өзінің кінәсін мойындап отыр. «Оның қылмысын дәлелдейтін 19 рет саусақ ізі қалған балта табылды. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ұсталғанның сөзіне қарағанда, оқиға отбасылық жанжалдың салдарынан болған көрінеді. ҚР ҚК-нің 96 бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.