Қайырымдылық шара аясында 90 отбасыға тегін азық-түлік таратылды.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер мұрындық болды.
Шарада мұқтаж жандардың өз қажеттіліктеріне қарай бұйымдар үлестірілді. Ауданның кеңпейілді азаматтары тұрмыс тауқыметін тартқандардың мұңын сейілтіп, алғысын арқалады.
Акция соңында концерттік бағдарлама ұсынылып, дастархан жайылды. Қоғамда оң көзқарас қалыптастырып, ынтымақтастықты арттырған шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.