«Қажымұқан» орталық стадионында өткен жарысқа оңтүстіктің ішкі істер органдары, арнайы ұйымдар және күштік құрылымдардан құрылған 24 команда қатысты. Турнирді салтанатты түрде ОҚО ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Жанат Сулейменов ашып, аталған іс-шараның елдің тыныштығын күзетіп жүрген қызметкерлердің спорттық дәрежесін көтеру мен олардың саламатты өмір салтын ұстануы мақсатында ұйымдастырылып жатқанын атап өтті.
Екі күндік спорттық жарыс нәтижесі бойынша волейболдан бірінші орынды ҰҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің командасы алса, екінші орынды ОҚО ІІД-нің командасы, үшінші орын облыстық Сотының командасы иеленді.
Ал, шағын футболдан Облыстық ішкі істер департаментінің командасы үздік деп танылды. Екінші орынды ҰҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің командасы, үшінші орынды Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командасы иеленді.