Рейд көші-қон заңдылығын бұзушылар мен өңірге жасырын жолдармен келушілерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Үш күн ішінде тәртіп сақшылары осындай заңбұзушылық әрекеттерге жол берген 1045 адамды әкімшілік жауапқа тартып, 524 тұлғаға ескерту берілді. 174 адам әкімшілік айыппұл төлесе, 276 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Сот шешімімен 80 келімсек елден аластатылды. Бұдан өзге 380 шетелдік азаматтың Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды. Ал құжатсыз жүрген 122 адам уақытша ұстау абақтысына жабылды.
Көші-қон полициясы сондай-ақ тиісті заңнаманы бұзғаны үшін жергілікті 61 азаматты және мигранттарды заңсыз жұмысқа қабылдаған 41 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Жалпы, «Заңсыз келуші-2017» жедел-алдын алу шарасының нәтижесінде 25 қылмыстық іс қозғалып, іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды.